Жатыр мойны обыры - әлемде әйелдер арасында қатерлі ісіктердің таралуы бойынша 4 орында.
Адам папиллома вирусы негізінен жыныстық қатынас және тұрмыстық қатынас арқылы таралатын өте кең таралған вирус. Кейде вирустың белгілері қатерлі ісікке айналады. Папилломамен күресудің ең жақсы тәсілі-оның алдын алу.
Қазір әлемде жыл сайын 600 мыңнан астам жаңа ЖМО жағдайлары және осы аурудан 340 мың адам қайтыс болады.
Әлемде екі минут сайын 1 әйел жатыр мойны обырынан қайтыс болады.
Жатыр мойны обыры (ЖМО) - алдын алуға болатын жалғыз онкологиялық ауру. Қатерлі ісіктің бұл түрінің себебі көп жағдайда жыныстық және тұрмыстық қатынас жолмен берілетін адам папилломавирусы (HPV) болып табылады.
Адам папиллоамасы вирусына қарсы вакцинация әлемде 2006 жылдан бастап жүргізіледі. Қазіргі таңда дүинежүзінің 100 ден астам мемлекетінің ұлттық егу күнтізбесіне енгізілген, оның ішінде Австралия, Бельгия, Канада, Германия, Жапония, Бразилия, Жаңа Зеландия, Норвегия, Швеция, Испания, Швейцария, Ұлыбритания және АҚШ-та қолданылады.
Австралия адам папилломасы вирусына қарсы вакцинасы енгізілген алғашқы елдердің бірі, ол елде жатыр мойны обырының жиілігі шамамен 3 есе төмендеді.
АҚШ елінде папиллома вирусына қарсы вакцинацияны мектептегі вакцинация бағдарламасына енгізе отырып, ісікке дейінгі жағдайлардың шамамен 90% төмендегенін хабарлады.
Канада елінде вакцинаның әсерін бағалау кезінде, вакцинацияланған 15 – 17 жас топтары арасында қатерлі ісікке дейінгі зақымданулардың жиілігі 69% төмендеген.
Вакцинациямен 50% - дан астамы қамтылған елдерде әйелдердің адам папилломасы вирусымен зақымдануы 68% төмендеді.
Ұлыбританияда 15 жыл бұрын жасөспірімдерді адам папилломавирусына қарсы вакцинациялау бағдарламасы басталды. Ғалымдар вакцина жатыр мойны обыры мен жасушалардағы қатерлі ісікке дейінгі өзгерістердің алдын алуда тиімді екенін хабарлады. Атап айтқанда, 14-16 жаста вакцинацияланған әйелдерде ісікке дейінгі зақымданулардың қаупі 75% - ға, ал 16-18 жаста вакцинацияланғандар арасында 39% - ға төмендеді.
« Июнь 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Пн | Вт | Ср | Чт | Пт | Сб | Вс |
1 | ||||||
2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 |
9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 |
16 | 17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 |
23 | 24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 |
30 |