Антибиотик ( anti-қарсы, bios- тіршілік) - бактериялардың өмір сүруін жойып не өсуін тоқтатын дəрілік заттар.
Антибиотиктер вирустарға ешқандай əсер ете алмайды, тұмау не суық тиюді емдемейді. ⠀Сондықтан, үй жағдайында мұрыннан су ағу, түшкіру, жай ғана температура, құрғақ жөтел сиақты ЖРВИ белгілеріне ДƏРІГЕР кеңесінсіз бірден антибиотик беруге болмайды!!!!
⠀
Дəрігер қарап тексеріп, бактериальды инфекция көрсе, несеп-жыныс жолдары инфекцияларында, тонзиллит, іріңді ангина, отит, пневмония, гайморит сиақты бактериальды қабынулар кезінде ғана АНТИБИОТИК тағайындайды.
⠀
Сізге қандай антибиотик ішу керектігін, тек сізді қабылдаған, қарап тексерген дəрігер шешеді.
Антибиотик иммунитетті төмендетпейді, бірақ бактериалардың оларға сезімталдығы артуы мүмкін. Антибиотиктерді оңды-солды тағайындау асынған, ауыр бактериальды инфекциялардың емі төмендеуіне алып келеді😯.
Себебі, бактериалар біз қабылдайтын антибиотиктерге мықты болып алған!
Ал,бұл өте ҚОРҚЫНЫШТЫ. Дәрігерлер қарапайым пневмонияны емдей алмайтындай дәрежеге түсуі мүмкін. Себебі, цефозолин,цефтриаксонның өзіне қәзір бактериялар "төзімді" болып алған.
⠀
Қәзір сенімсіз ақылы мед.центрге барсаңыз сізге бірден тым күшті антибиотик тағайындайды.
Негізі, дәрігер сізде бактериальды инфекция жоқ десе, антибиотик қабылдауға асықпаңыз.
« Август 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Пн | Вт | Ср | Чт | Пт | Сб | Вс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 |